МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҚАРАҚИЯ ОРТАЛЫҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ» МКҚК

Маңғыстау обл., Қарақия ауданы, 
Құрық ауылы, 2 ш/а, 2 ұй.
Қабылдау бөлімі: 8(72937) 21285
E-mail: srb-2009@mail.ru

Басты бет Семіздік және оның алдын алу

Семіздік және оның алдын алу

Семіздікке алып келетін себептердің бірі шектен тыс тамақтану екені белгілі. Еліміздің еңбекке жарамды тұрғындарының төрттен бір (көбіне әйелдер) осы семіздіктен зардап шегуде.Оны емдегеннен гөрі алдын алған әлдеқайда жеңіл. Ол үшін бақылап отыруы қажет. Дене салмағы қалыпты жағдайдан 3-4 килоға өсіруден ақ алдын алмаса болмайды. Жеген тамақтың қуатпен тең  болуы тиіс. Дене салмағы өсіп бара жатса, жеңіл тамақтарға көшу, не болмаса белсенді әрекет арқылы шығарылатын қуаттың мөлшерін көбейту керек. Тағамның қуатын май мен көмірсуының есебінен азайтқан жөн.

Белоктар тағамның алмастыруға болмайтын бөлігі болғандықтан оларды азайтпаған жөн. Ет және сүт өнімдерін, малдың майын  тәттілерді,(кәмпит, қант,т.б) нан,ботқа және картопты аса көп қолданбаған жөн, тәбетті күшейтетін дәмдеуіштер мен ащы нәрселерді де шектеп, тұзды өте аз мөлшерде пайдалану керек. Өйткені тұз тәнде су жинайды. Қара нан немесе ірі тартылған ұннан жасалған тоқаш жеу керек. Майсыз ет,балық, майы алынған қаты, сүт, сондай-ақ көкөністердің барлық түрін қолдануға болады. Тамақтану тәртібі қатаң сақталуы тиіс. «Таңертеңгілік асты өзің же, түскі асты досыңмен бөліс, ал кешкі асты дұшпаныңа  бер» – деген ұлағатты сөз бар.

Сол айтқандай, ұйықтар алдында  тоя тамақ жеуге болмайды. Өйткені ол семіздікке алып келеді. Өзіңіз  ойлап  көріңізші, тамақталғаннан 2-3 сағат кейін тағамдық заттар белсенді түрде сіңіріле бастайды. Біз ұйқыда жатқандықтан олар бұлшық ет  қуатына жұмсаудың орнына семіздік қоймасына біртіндеп жинала береді. Әдетте, семіздікке бейім жандардың тәбеті күшті болады. Оның тамақтану санын көбейту жолымен азайтқан жөн. Таңертеңгілік немесе түскі астан соң алма жеп не 1  құты сүт, айран, болмаса қантсыз шәй ішіңіз 15-20 минуттан кейін тамаққа деген тәбетіңіз нашарлап түскі не кешкі тамаққа асықпайтын боласыз. Тамақтың түрі мен тамақтану тәртібінің өзгеруіне қарай бұлшық ет қуатының шығынын да өзгертіп отыру керек.

Күнде таңертең жүйелі түрде жаттығулар жасаңыз. Сондай-ақ шалт жүріс, серуендеу, спортпен айналысу (бадминтон, шаңғы тебу және т.б.) семіздектен арылудың тиімді шаралары екендігі дауысыз.Таңғы да бір естеріңізге сала кететін нәрсе дене салмағын реттеуді 30 жастан емес, бала кезден  бастау керек. Егер 5-7 жасар бала семіре бастаса, оның денсаулығының мықты екендігін андатпайды, керсінше, алдын алмаса, 15-20 жылдан кейін оның сусамырға немесе гормоналдық ауруларға шалдығу мүмкіндігі бар деген сөз. Ал енді осы айтылған кеңестерден қайран болмаса, қайтпек керек? Онда дәрігерге көрінген жөн. Дәрігер науқастың жеке ерекшелігін ескере отырып, ем бұйырады, әрі жүйелі түрде бақылап отырады. Өзіңізді өзіңіз емдей бастамаңыз. Өйткені ол қауіпті.

 

Махаббат САРЫЕВА,

ОСӨСҚПО ЖҚФ медбикесі

Тіркеу

Тіркелгеннен кейінгі мүмкіндіктер:

Сіз мемлекеттік ұйымдардың басшыларына сұрақтар қойып, оларға жауап ала аласыз, жүктеу үшін құжаттарға қол жеткізе аласыз.

Сіз қосымша қызметтерді пайдалана аласыз: онлайн-конференцияларға қатысу, блогтарды оқу, мемлекеттік қызметтерге Пікір қалдыру және оларды көрсету сапасын бағалау.

Жаңалықтарға жазылу жағдайында e-mail-де барлық оқиғалар туралы ақпарат алыңыз.

Кіру

Егер сізде ұсынылған сайттардың бірінде есептік жазбаңыз болса, біздің сайтқа тіркеусіз бұрыннан бар логин мен пароль арқылы кіре аласыз.

Интернет - ресурс жұмысының мәселелері бойынша 8 (7292) 42-83-32 телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз